Жаңа оқу жылы қарсаңында ғылыми кеңес өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.  Шарада 2018-2019 оқу жылында белсенділік танытқан университеттің профессор-оқытушылар құрамы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев пен «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мәжілісте сонымен қатар,  2019-2020 оқу жылына арналған тақырыптар қарастырылды. Күн тәртібінде университеттің Ғылыми кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспарын бекіту, жаңа оқу жылына университет құрылымына өзгерістер енгізу, қызметкерлердің еңбек ақысын және басқа да төлемдерді төлеу туралы Ережесін бекіту, ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықтар мен стипендия конкурстары туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына арналған университеттің білім беру бағдарламаларына қабылданған  1 курстарының оқу үдерісі кестесін, академиялық күнтізбесін, жұмыс оқу жоспарларын, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың оқу жүктемесін жоспарлау және бақылау шаралары мен оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт мөлшерін бекіту де назардан тыс қалмады.  

JoomShaper