«Мектепке жол» акциясы

Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ! Осы орайда республикалық «мектепке жол» акциясының аясында облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «жақсылық жасауға асығайық» атты қайырылымдық акциясы өтті. 

Балаларға жанашырлық танытып, қамқоршы болуға, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті де ат салысты.  Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқу-тәрбие ісінен  шет қалдырмай, оларға  материалдық көмек көрсету. №140 қазақ орта мектебінде өткен шара бал-бөбектерге жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, оқу жылында білімге деген құштарлық сыйлады.

JoomShaper