Кемел тұлғамен кездесу

Сыр өңіріне арнайы сапарымен мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы келді.

Айта кетейік, кемел тұлға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Өмірзақ Озғанбайұлы сапарын Студенттер сарайындағы мұражаймен танысудан бастады. Одан соң университеттің профессор-оқытушылар құрамымен арнайы кездесуге №1 оқу ғимаратына жол тартты. Бас қосу «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығында өтті. Шараға сондай-ақ, облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы қатысты. Кездесу университеттің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының маслихат депутаты Бисенов Қылышбай Алдабергенұлының құрметті қонаққа оқу ордасының қазіргі тыныс-тіршілігін таныстыруымен басталды. Жиын барысында Өмірзақ Озғанбайұлы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Сондай-ақ, өз тәжірибесімен бөлісіп, кітабын сыйға тартты. Кездесу соңы құрметті қонақтың «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» атты кітабына қолтаңба қойдырту рәсімімен жалғасып, Өмірзақ Озғанбайұлына университеттің арнайы естелік кәде-сыйы табысталды.

 

JoomShaper