«Birge Taza Qazaqstan»

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен және ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің қатысуымен «Birge Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы өткізілді.

Осы орайда, бұл аталмыш акция Қызылорда облысындағы су айдындары жағаларында да ұйымдастырылды. Республикалық экологиялық акцияға мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен ерікті жастары ат салысты. Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Нұрбол Аппазов, Ғани Байулов бастаған оқытушы-профессорлар мен белсенді жастары да бар. Акцияға жиналған еріктілер Сырдария өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, бірқатар тазалық жұмыстарын жүргізді. Осылай олар ел экологиясына өз үлесін қосты.

JoomShaper