Үздік студент

Біз үздік студенттерімізбен мақтанамыз. «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жастар жылы аясында еліміздің жастарын қолдау үшін республикалық «Үздік студент» жобасы өтті.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 5В050900-Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенті, «Үздік студент-2018» номинациясының иегері Рахымжан Әбиев аталған жоба аясында шығарылатын «Қазақстанның 100 үздік көшбасшы студенті» атты талантты студенттердің кітап жинағына енді. Осылайша 369 еңбектің ішінен білім, өнер, ғылымда жетістікке жеткен Рахымжан Әбиевтің еңбектері назарға алынып, үздіктер қатарына қосылды.

JoomShaper