Жас ғалымдар Жазғы мектепте

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен Түркістан облысында 2019 жылдың маусым айының соңғы аптасында Қазақстанның жас ғалымдарына арналған дисциплинааралық «SCIENCE SCHOOL KASKASU» жазғы мектебі өтті. Байқау негізінде өткізілген бұл мектепке еліміз бойынша 100 қатысушыдан 27 жас ғалым іріктелініп алынған.

     Соның ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Жақсылықов байқаудан өтіп, аталмыш Жазғы мектепке қатысуға мүмкіндік алды.
    Шараның мақсаты–жас ғалымдар мен зерттеушілерді ғылыми жобалар мен технологиялық әзірлемелерді монетизациялауға үйрету.
Апта бойы Жазғы мектеп қатысушыларын жобаларды басқаруға, командада жұмыс істеуге, стуациялық жағдайларды шешуге жаңа қырынан үйретті. Бұдан бөлек, Британиялық форматта «Жер планетасындағы демографиялық тұрақтылық мәселесін шешу жолдары» тақырыбында дебат өткізіліп, онда жас ғалымдардың көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігіне, тиімді презентациялар негіздеріне, ғылыми жобаларды копирайтинг жасау және тағы басқаларына үйретті. Бағдарлама соңында, берілген тақырыптар бойынша әрбір топ старт-ап жоба дайындап, алған білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып қорғады.
Бұл Жазғы мектеп жұмысының табысты өтуі жастар ғылымына коммерцияландырудың жаңа деңгейіне шығуға ықпал етеді.

JoomShaper