Үлкен өмірге жолдама

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау рәсімі болып өтті. Айта кетсек, биылғы оқу жылында 208 бітіруші түлек магистрант атанды. Ал 999 түлек бакалавр біліктілігін алды.

  Imdo/Images/News/1648.jpgОның ішінде 114-і үздік диплом иегері. Нақтырақ айтсақ: Биылғы жылы педагогикалық факультет бойынша бакалавр біліктілігін 112 жас алып шықты. Оның 28-і қызыл. Ал магистр саны 48-і құрады. Инженерлі экологиялық факультетінде магистратура біліктілігі бойынша 22, бакалавр дәрежесі бойынша 99 студентке диплом табысталды. Оның 14-і үздік диплом иегері. Инженерлі технологиялық факультетінде 26 магистрант, 46 бакалавр біліктілігі бойынша диплом табысталды. Оның ішінде үздік диплом иегері 9. Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті бітіруші жастарының жалпы Imdo/Images/News/1647.jpgсаны 52. Ал, бакалавр біліктілігі бойынша 88 студент тәмәмдады. Олардың ішінде 17 түлек үздік диплом иегері атанды. Жаратылыстану факультеті бойынша бакалавр біліктілігі 95, оның ішінде үздік диплом иегері 19 жас маманға табысталса, магистратура біліктілігі бойынша 22 диплом берілді.
  Айтулы шараға білім ордасының оқытушылары мен бітіруші түлектердің ата-аналары мен туыстары да қатысты. Қалай десек те, бұл күн университетті бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ. Салтанатты рәсімде университет ректорының м.а. Б.Ж.Абдикаримов құттықтау сөз сөйлеп, магистратураны бітіруші түлектерге дипломдарын табыс етті. Бірқатар жасқа оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқаны үшін арнайы алғыс хаттар берілді. Кеш соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Университеттің өнерлі жастары әннен шашу шашып, шараның шырайын кіргізді. Ал жүзіктің көзінен өткен мың бұралған бишілер мазмұнды қойылымдарымен сахна төрін қыздырды.

      Imdo/Images/News/1646.jpg  Imdo/Images/News/1649.jpg Imdo/Images/News/1650.jpg

JoomShaper