Педагогикалық факультет бойынша бітірген түлектер диплом алды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінің бітіруші түлектеріне диплом табысталды.

    «Педагогика және психология», «Кәсіптік оқыту», «Физика және математика», «Педагогика және оқыту әдістемесі», «Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері» кафедраларына қарасты 11 мамандық бойынша білім алған түлектер үшін бұл күн ерекше болды. Ізденіс пен талпыныстың арқасында үлкен өмірге жолдама болатын – диплом алу бақытына ие болған түлектер қуанышында шек жоқ. «Оқу-инемен» құдық қазғандай. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» - деген. Сондықтан, болашақты қалыптастырудың кілті тек қана білімде екенін естен шығармаңыздар», деді өз сөзінде ректордың міндетін атқарушы Бахытхан Жүнайдұлы. Бұл күні бакалавр біліктілігі бойынша 112 жас қолдарына диплом алды. Оның 28-і қызыл. Ал магистр саны 48-і құрады.

                            Imdo/Images/News/1643.jpg      Imdo/Images/News/1644.jpg

 

 

JoomShaper