Кіші футболдан ашық турнир өтті

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Сейхун спорттық сауықтыру кешенінде кіші футболдан ашық турнир сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырушы Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі.

Қатысушы командалар қатарында: Қызылорда облысы Imdo/Images/News/1629.jpgбойынша соттар әкімшісі, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Қазынашылық департаменті, Әділет департаменті сонымен қатар Қорқыт Ата университетінің командасы болды. Оқу орны командасын: К.Киясов, Е.Назаров, А.Жабагиев, А.Жусупов, А.Досмайылов, Е.Байдарбесов, А.Бажетов, Е.Нұрділдаев, Б.Сейдалы, Д.Сейтжапбар секілді оқытушы мен қызметкерлер құрады. Сайыс өте жоғары деңгейде тартысқа толы өтті. Нәтижесінде бірінші орынды Қазынашылық департаменті иеленді. Ал Қорқыт Ата университетінің командасы екінші орынды жеңіп алды. Үшінші орынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі лайық деп танылды. Бұдан бөлек, Қорқыт Ата университеті командасы құрамындағы қорғаушы Қалдыбек Қиясов сайыста «Үздік қорғаушы» номинациясын иеленді.

JoomShaper