Сыр елінің тарихы қазақ әдебиетінде

Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсында оқитын ұлты қазақ шетел азаматтарының тыңдаушыларына арналған «Өлкетанушы» және «Сыр сандық» үйірмелерінің жұмысын қорытындылау мақсатында «Сыр елінің тарихы қазақ әдебиетінде» тақырыбында қорытынды кеші өтті.

Шара басында құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы міндетін атқарушы К.Ж.Қонысбаева кешті аша отырып, үйірмелер бойынша оқу жылында өткізілген іс шаралары тыңдаушыларға тәрбиелік-танымдық мәні зор екендігін айтты. Және үйірмелер жұмысы Сыр өңірінің көптеген мәдени, тарихи құндылықтарымен таныстырғандығын атап өтті. Бағдарламаны «Сыр сандық» үйірмесінің жетекшісі Қ.Ж.Қаламқас пен «Өлкетанушы» үйірмесінің жетекшісі Ғ.А.Жәрімбет жүргізді. Рухани кеште Сыр елінің тарихын өз шығармаларына арқау еткен Ә.Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Қалқаман Әбдіқадыров, Қалтай Мұхамеджанов, Әбдіжәміл Нүрпейісов туындылары жайлы құнды ақпараттар алды. Әсіресе, Әбдіжәміл Нүрпейісов шығармасы қазақ әдебиетінде ғана емес, әлемдік әдебиетке қосылған үлкен үлес болып табылады. Бөлім әдіскері Г.А.Скакова кешті қорытындылап, үйірме жұмысынан алған білімдерін, кешенді тестілеу тапсыруда қолданып, әрі қарай студент атанып, дамыта біруіне тілек білдірді.

                      Imdo/Images/News/1625.jpg              Imdo/Images/News/1626.jpg

 

JoomShaper