«Нұр Отан» партиясы «Тұран» филалында бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті

Жиын «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филалының төрағасы Қ.А.Бисенов төрағалымен өтті. Мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот-құқықтық реформа, әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесі, өңірлерді дамыту, сыртқы саясат, сондай-ақ, жастарды қолдау секілді негізгі 10 бағыттан тұратын бағдарламасы зор міндеттер мен ауқымды жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Президент тапсырған бұл міндеттерді жүзеге асыруға ел әлеуеті мен мүмкіндігі жетеді. Ендігі кезекте жұдырықтай жұмылып бағдарламаның жүзеге асуына жұмыс жасау қажет. Жиын соңында Бастауыш партия ұйымдарының белсенділері партияның 20 жылдығы аясында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ш.Әлназарованың алғыс хаттарымен марапатталды.

           Imdo/Images/News/1622.jpg   Imdo/Images/News/1623.jpg

JoomShaper