Сыр бойындағы жазба айтыстың дамуы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы ғылыми конференция ұйымдастырды. «Қазақ әдебиетіндегі жазбаша айтысу дәстүрі» тақырыбындағы ғылыми конференция ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

Шараны кафедра меңгерушісі Ғ.Тұяқбаев жүргізді. Конференцияға әдебиетші, тарихшы, тілші ғалымдар және білім алушылар қатысты. Конференция тақырыбына сәйкес қатысушы ғалымдар баяндамалар жасады. Мәселен, Қорқыттану және өлке тарихы ғылыми зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Б.Кәрібозұлының ««Сырдария» кітапханасына енген Сыр сүлейлерінің жазбаша айтыстары», Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ғ.Тұяқбаевтың «Сыр бойындағы жазбаша айтысу дәстүрі», Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Ұ.Жанбершиеваның «Сыр бойындағы ақындық мектеп және әдеби дәстүр», сондай-ақ, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы қауымдастырылған міндетін атқарушы, ф.ғ.к. А.Абасиловтың «Жазбаша айтыстың тіл ерекшелігі», Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының магистранты Н.Әбдіқожаеваның «Тұрмағамбет Ізтілеуұлының жазбаша айтыстағы аралық сөздері» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды. Жиын соңы пікір алмасумен жалғасып, сұрақтарға жауаптар берілді. Осылайша, ұлттық бірегейлікті сақтауға университет ұжымы өз үлесін қосты.

JoomShaper