Студенттер өндіріс орнында тәжірибеден өтуде

«Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының 1-3 курс студенттері іс-тәжірибеден өтуде. «5В071800 –Элект энергетикасы» мамандығының 3 курс студенттері кафедраның аға оқытушысы Ғалымжан Құрманбаев жетекшілігімен Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ –да өтіп жатыр.

Жастар қазір түрлі цех орнында қызу жұмыс жасауда. Білмегендерін үйренуде. Өндірістік іс-тәжірибе барысында студенттер өндіріс орнының құрылымымен, өндірістегі құрал-жабдықтардың орналасу реттілігімен танысты. Олардың өлшеу-зерттеу құралдарының түрлері мен конструкцияларын зерттеп, физикалық зерттеулердің әдістемесін меңгеруде. Сонымен қатар құрал-жабдықтармен жұмыс істеу машықтарын меңгеру үстінде.

        Imdo/Images/News/1398.jpg          Imdo/Images/News/1399.jpg

JoomShaper