Кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Шағын және орта кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлаудағы мемлекеттік-жеке серіктестікті жетілдіру» атты ғылыми жоба аясында шара ұйымдастырылды.

Imdo/Images/News/1395.jpgОған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің 1-санаттағы сарапшысы Әмірхан Калмаганбетов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Бизнес-тренері Мадина Қасымжан, «Сыр Балажан» балабақшасының меңгерушісі, «Мансап» жеке мектебінің бірлескен құрылтайшысы, Қызылорда облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың Қазақстандық Ассоциациясының директоры, «Атамекен» ҰКП жанындағы Іскер әйелдер ұйымының төрағасының орынбасары, «Бастау» бағдарламасының бизнес-жаттықтырушысы (бизнес-тренері) Наталья Мишукова, «Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» ЖШС сарапшысы Найля Ахметова және Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында ашылған «Рауан» инклюзивті балабақша құрылтайшысы Қуанышкүл Даулетиярқызы (Қазалы ауданы), Университеттің ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бас әдіскері Алтынай Шильманова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессор сондай-ақ студенттер құрамы қатысты. Бағдарлама барысында мемлекеттік-жеке серіктестік әдісін қолдана отырып, шағын және орта кәсіпкерлік үшін мамандар даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастырудың жаңа үлгісін тұжырымдамалық негіздеу, мемлекеттік-жеке серіктестікті жетілдірудің басым бағыттары қарастырылып, мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл іс-шараны ұйымдастырушы аталмыш ғылыми жобаның мүшелері: Г.Б.Дузельбаева, А.Ш.Абдимомынова, Ұ.Д.Берикболова, В.В.Ким, А.А.Баймаханова, А.С.Карбозова, А.М.Мұхтарова, Ж.Ә.Мәлібекова болып табылады.

JoomShaper