Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

Бүгін Қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткішінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті. Митингіде құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Imdo/Images/News/1392.jpgБұл күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы Бахытхан Абдикаримов бастаған топ өкілдері де келіп, митингіге қатысты.
Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың қатарында қазақ зиялылары бар. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Imdo/Images/News/1400.jpgАсфендияров және тағы басқалар. Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен аналары да жазаланды. Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы Алжир, Карлаг, Степлаг.
Қазақ тарихындағы ақтаңдақ кезеңді мәңгі есте қалдыру үшін, 31 мамыр - ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпағаны жөн. Осы орайда, Тәуелсіз ел ұрпақтары қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды мәңгі естерінде сақтап, құрметтейді.

JoomShaper