Студенттер оқу-танымдық тәжірибеден өтті

«Мұнай газ инжинирингі» кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Жақсылықовтың жетекшілігімен 5В072400-«Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ТМО-18-1 оқу тобының студенттері оқу-танымдық тәжірибеден өтті.

Imdo/Images/News/1388.jpg«Кәсіби әскерилендірілген авариялық – құтқару қызметі» республикалық орталық штабы «Ақ Берен» Қызылорда филиалында болған оқу тәжірибе жұмыстары жастарға берері мол шара болды. Онда студенттер жедел құрамның техногендік сипаттағы мұнай газ кен орындарында орын алатын апаттарды жою кезінде жедел топтардың өзара іс-әрекеттерімен танысты. Одан бөлек, техногендік сипаттағы апаттарды жоюда инновациялық технологияларды, қазіргі заманғы техникалық құралдарды тәжірибеде қолдану, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, өндірістік персоналдың эвакуациялау және құтқару операцияларымен қалай жұмыс жасау қажеттігі де көрсетілді. Және де кәсіпорын директорының орынбасары, бас инженер Ермек Мырзамұратов бастаған инженерлер мен жедел құрам оқу-жаттығу базасында оқу-жаттығу жұмыстарын көрсетті. Студенттер өз кезегінде танымдық қызығушықтарын білдірді.

 

                        Imdo/Images/News/1389.jpg  Imdo/Images/News/1390.jpg

JoomShaper