Он екі айдың сұлтаны – рамазан!

Қасиетті Рамазан айы – адам баласын мейірімділікке, қамқорлыққа, сабырлық пен кешірімшілдікке шақырып, қайырылымдылық жасап, сауап жинауға мүмкіндік беретін он екі айдың құдіретті сұлтаны. Барша мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айында игі амалдар жасап, сауабы мол іске ұмтылу қажет.

Imdo/Images/News/1384.jpgҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы С.Т.Жарбулова бастаған топ өкілдері ауыз бекіткен жандарға арнап ауызашар жасады. Он екі айдың сұлтаны – Рамазандағы бұл шараға университеттің шет елден келген жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсының тыңдаушылары мен білім алушылары қатысты. Сондай-ақ, Қорқыттану және өлке тарихы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, дінтану магистрі Б.Е.Оспанов, Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.К.Аймаханова, тарихшы-өлкетанушы, ҚР қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Б.М.Ахметбек және академиялық мәселелер жөніндегі департаментке қарасты бөлім басшылары А.М.Мұхамбетжан, Д.М.Жарылғапова, И.Махамбаева, Л.Б.Абжамиевалар да қатысты.
Осылайша, ауыз бекіткен қауым дұға-тілектерін тіледі, сондай-ақ дастарханға бата беріліп, құран бағышталды.

 

                                      Imdo/Images/News/1385.jpg  Imdo/Images/News/1386.jpg

 

JoomShaper