Студенттер оқу тәжірибеден өтуде

ГМУ-18-3 оқу тобының студенттері жастар ресурстық орталығында оқу тәжрибесінен өтуде. Іс-тәжірибе жетекшісі Г.Ш.Шайхисламова. Мұнда олар «Қазіргі таңдағы отбасылы жастар арасындағы ажырасу себептері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Медиатор мамандармен кездесуде олар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, тақырыпқа орай көптеген ақпаратқа қанықты. Тың ойлармен білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар жастар Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өткізілген «Парасатты поэзия» тақырыбындағы халықаралық фестивальға қатысты. Мұнда жалынды жастардың жандүниесі рухани байып, шабыттанып қайтты.Жоспар бойынша студенттер енді 31 мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс шарағақатысады. Жалпы бұл оқу тәжірибе кезінде студенттер теориялық білім мен тәжірибе базасындағы мамандардың дәрісін тыңдайды. Нәтижесінде жастар қоғамдағы өзекті мәселелерге өзіндік талдау жасауға үйреніп, бейімделеді.

                                                                   Imdo/Images/News/1382.jpg

JoomShaper