«Тәрбие – адалдық негізі» атты мақал-мәтелдер жарысы

«Тәрбие –адалдық негізі» атты мақал-мәтелдер жарысын өткізудің маңызы зор. Себебі – мақал сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние.

Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Ата – бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы жастарды адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыруға, сөздік қорын молайтуға болады. Сондай-ақ жастарға өнер-білім, тіл үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» республикалық фронт жобалар клубының ұйымдастыруымен өткізілген шараға белсенді жастар қатысып, өздерін жан-жақты көрсете білді.

                              Imdo/Images/News/1379.jpg       Imdo/Images/News/1380.jpg

JoomShaper