Университет магистранты Ш.Есенов атындағы стипендия иегері атанды

2013 жылдан бері Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры жұмыс жасайды. Қордың құрылудағы негізгі мақсаты Қазақстанның білім, ғылым және инновацияны дамыту және оларды өндіріске енгізу, сондай-ақ еліміздің жоғары білім беру жүйесі қолдау көрсету.

Осы мақсатта Ш.Есенов атындағы стипендия тағайындау қолға алынған. Стипендия конкурсы екі кезеңнен тұрды. Уақытылы алынған барлық өтініштер тәуелсіз сарапшылар келесі критерийлер бойынша қарап  бағаланды. Олар:
-жоғары академиялық әлеует;
- тәсілдердің жаңалығы;
- жақсы академиялық нәтижелер;
- мамандыққа қатысты ғылыми басылымдардың болуы;
- Белсенді студенттік өмір;
- еріктілекпен айналысу және тағы басқалар.
Екінші айналымда қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар мен психологтар бес баллдық шкала бойынша бағалады. Бұл кезең іскерлік ойын түрінде өткізіліп жеке-жеке сұхбаттасу арқылы жүзеге асты. Бұл кезеңде қатысушылардың мына қасиеттері қаперге алынды:
-көшбасшылық дағдылар;
- командада жұмыс істей білу;
- тапсырмаларды тұжырымдау кезінде нақтылық
- жаңа ақпаратты жылдам қабылдау және талдау мүмкіндігі;
- ұйымдастырушылық қабілеті;
жаңа жағдайға бейімделу және стандартты емес шешімдерді табу.
Осы кезеңдерден барлығынан сүрінбей өткен жастың бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты Бағдат Назарбекұлы Қадірбеков. Талапты жас осылайша Академик Шахмардан Есенов атындағы стипендия иегері атанды. Айта кетейік Ш.Есенов атындағы стипендияға сонымен қатар бакалавриат бойынша білім алып жатқан 2-ші және 3-ші курс студенттері мен магистратура бойынша білім алып жатқан 1-ші курс студенттерінің ішінен 25 студентке тағайындалды.

JoomShaper