Стенд атудан өткен жарыста университет студенті топ жарды

Шымкент қаласында стенд ату бойынша 3 түрлі жарыс өтті: Олар: оныншы жазғы Универсиада, бесінші жазғы Спартакиада және Шымкент қаласының ашық Кубогі.

Жарысқа Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Шымкенттен, Алматы, Қызылорда, Манғыстау және Павлодар облыстарының 250-ден астам спортшылары қатысты. Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ю-18-2 оқу тобының студенті Айсалбаев Алишерде болды. Ол универсиада жарысында 1 орынға, бесінші жазғы Спартакиада сайысында екінші және үшінші орындарға, Шымкент қаласының Кубогы жарысында екінші орынға ие болды. Талапты жас ересектер арасындағы сында да жақсы көрсеткіштер көрсетті.

                                                                           Imdo/Images/News/1376.jpg

JoomShaper