Сәт сапар саған, Жас түлек!

Соңғы қоңырау... Бұл мереке ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн.

Дәл осы күні облыстың түкпiр-түкпiрiндегi мектептерде соңғы Imdo/Images/News/1370.jpgқоңырау үнi сыңғырлап, жаңа да жауапты өмiрге аяқ басқан түлектер алтын ұя мектептерiмен қоштасты. Соңғы қоңырауға арналған салтанатты шараларға мектеп ұстаздары, білім алушылар мен жас түлектер, және олардың ата-аналарымен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларынан құралған топ мүшелері қатысты. Облыстың әрбір ауданында жас түлектерді құттықтауға Imdo/Images/News/1369.jpgбарған топ өкілдері көпшілікті соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтады. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұрғанын ескеріп, оларға Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, грант иегері атануларына тілектестіктерін білдірді. Және болашақта еліміздің өсіп-өркендеу жолында аянбай еңбек ететін маман иесі атанып, ата-анасы мен ұстаздарының үкілі үмітін ақтайды деп сенім білдірді. Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл-күймен жаңа оқу жылына оралуларына, сонымен қатар осындай шәкірттерді тәрбиелеп отырған ұстаздарға толағай табыс және еңбектерінің жемісті болуларына тілектерін білдірді. Іс-шара барысында білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Алғыс хаттарымен және төсбелгілерімен марапатталды. Мектеп оқушылары өздері арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етіп, іс-шара соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды.

 

                      Imdo/Images/News/1371.jpg  Imdo/Images/News/1372.jpg

JoomShaper