Жастар және ғылым

Жастар жылына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Математика және қолданбалы механика кафедрасы «Жастар және ғылым» тақырыбында ашық дәріс өткізді. 

Басты мақсат - университеттің жас ғалымдарын студенттерге Imdo/Images/News/1360.jpgтаныстыру және студенттерді ғылым әлеміне шақыру. Оған «Жерге орналастыру», «Кадастр», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының білім алушылары мен оқытушы-профессорлары қатысты. Ашық дәрісті кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Г.Ш.Аскарова ашып беріп, сөз кезегін баяндама оқушыларға берді. Дәріске қатысушылар Қазан қаласында білімдерін шыңдап келген Н.И.Ақылбековтың «Жаңа көпфункционалды NO-донорлы бензофуроксандар – перспективалы дәрі-дәрмек жасаудың платформалары» тақырыбындағы және Е.Ә.Шынбергеновтың «Лена өзенінің су алабындағы өзендердің бассейндік геожүйелерін картографиялық-геоақпараттық талдау» баяндамаларын тыңдады. Сабақ соңы сұрақ-жауапқа ұласып, ой-пікір алмасумен жалғасты. Осындай ашық дәрістер жас мамандардың қызығушылықтарын арттырып, ынталарын жоғарлатпақ.

JoomShaper