Талантты жастар жеңімпаз атанды

Жастар жылына орай Жамбыл облысы Тараз қаласында «Студенттік көктем» атты аймақтық байқау-фестивалі өтті. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан жоғарғы оқу орындарының өнерлі студенттерінің басын қосты.

 

Imdo/Images/News/1358.jpgОлардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің белсенділері де бар. Байқаудың басты мақсаты – студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шығармашылықтарына қолдау көрсету. Байқауға қатысушылар эстрадалық вокал, халықтық хореография, заманауи хореография және күйшілік өнер көрсету бағыттары бойынша шығармашылық деңгейлерін шыңдады. Оңтүстік аймақ өнерпаздарының шығармашылықтарын ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор Аман Малдыбаев, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, балетмейстер Байдәулет Сазабеков пен ҚР мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұловтан құралған қазылар алқасы бағалады.
Imdo/Images/News/1357.jpgЖас күйшілердің арасында әділ-қазылар алқасының әділ бағасымен бас жүлдені университеттің ТМИ-17-1 оқу тобының студенті Нұрбол Қуанышев жеңіп алды. Ал, эстрадалық вокал бойынша МО-17-1 оқу тобының студенті Айбек Теңізбаев әуелеген әнімен жүлделі 2 орынды иеленді. «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық би ансамбліне халықтық хореография бойынша 2 орын және заманауи хореография бойынша 3 орынды иеленді. Сондай-ақ, өнер додасына қатысушылардың барлығы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбековтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Оған қоса, өнерлі студенттерге қолдау көрсетіп, жас мамандарды даярлауда үлес қосқаны үшін университет ректорының м.а. Б.Ж.Абдикаримовқа алғыс білдіріп, арнайы Алғыс хат табыстады. Және белсенді жастарға жетекшілік етіп, жауапкершілік танытып жүргені үшін Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы Назира Аймаханова «Үздік жетекші» номинациясымен марапатталып, құрмет төрінен көрінді. Осылайша, Сыр еліндегі білімнің қара шаңырағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің талантты өнерпаздары қатарластарынан оқ бойы озық шығып, оқу орны мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Мұндай жетістік әрине оңайлықпен келген жоқ. Бұл іргелі оқу орнындағы үздіксіз сапалы білім мен кәсіби білікті ұстаздар еңбегінің нәтижесі.

JoomShaper