Рухы асқақ, бейнесі биік ұстазға құрмет

Саналы ғұмырын ел игілігіне арнап, өмір бойы бір салада еңбек еткен ұстаз деген құрметті атқа лайық жан Құдайберген Жаңабергенов.

Ол Қорқыт Ата атындғы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен Imdo/Images/News/1349.jpgұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, МАНПО Академигі. Бүгін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 6-шы оқу ғимаратында Құдайберген Жаңабергенов атында дәрісхана ашылды. Білім саласының қайраткерлерін, ғалымдар мен белгілі ұстаздарды жастар ұмытпауы тиіс. Сондықтан дәрісхана атын беру ұлағатты ұстаз есімін ұмыттырмай, жастарға насихаттаудың бір тәсілі деуге боады. «Біздің университетте мұндай іс жалғасын табатын болады», – шара барысында алғаш болып сөз алған ректордың міндетін атқарушы Бахытхан Абдикаримов. Дәрісханада ғалымның өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпараттар, суреті ілінген. Ағартушы ұстаздың өзіндік орны бар. Оның физиканы оқыту әдістемесі ғылымына қосқан үлесі аса зор. 1990-2000 жылдары аралығында физикадан жоғары оқу орны студенттеріне арналған «Ваккумды алу және өлшеу», «Электроника негіздері», «Кванттық механика», «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі» және тағы басқа оқулықтары жарыққа шығып, ол студенттердің біліммен сусындауына үлкен үлесін қосқан. Көз майын тауысып жазған еңбегінің бағаланып, көзделген мақсатына жету-қай ғалымның да өмірлік мұраты. Ол ғылыми жұмыстарының қорытындысы бойынша 2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы бірінші сыйлықтың лауреаты атанды. МАНПО академиктігіне сайланды. Жалпы Құдайберген Жаңабергеновтың өмірі өнеге. Әріптестері бұл күні ұстаз туралы еслетік әңгімелерін айтып, игі дәстүрдің жалғасатынына қуаныштарын білдірді.

 

                     Imdo/Images/News/1350.jpg         Imdo/Images/News/1351.jpg

JoomShaper