“IT-жобалар фестивалі” байқауының үздігі

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен “IT-жобалар фестивалі” байқауы өткізілді. Байқау ҚР Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында болды.

Сайыс жас компьютер мамандарының шығармашылықтарын дамыту мақсатында онлайн түрде LEARN-MORE.KZ порталында жүргізілді. Додаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының 3-ші курс студенті Аманбаева Динара қатысып, «Компьютерлік анимация» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынды иеленді. Жас маманға Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының магистрі Қадырбеков Бағдат жетекшілік етті.
Болашақ кәсіби мамандарға осындай байқаулар шығармашылық және компьютерлік технологиялардың арқасында эстетикалық дамуына қолдау көрсететіні сөзсіз.

      Imdo/Images/News/1346.jpg        Imdo/Images/News/1347.jpg

JoomShaper