Университеттің өнерлі студенттері Ташкентте топ жарды

«ASPARA» сән апталығы аясында Ташкентте студенттер арасында халықаралық «NEOFOLKLOR» дизайн байқауы өтті. Байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Дизайн мамандығының студенттері Темір Аида, Оразова Гүлзат, Жазықбаева Айгерім қатысты.

Imdo/Images/News/1344.jpgАйта кетейік, өнерлі студенттер алдын ала эскиз бойынша үш коллекцияларын таныстырып, жарыстың іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын. Болашақ дизайнерлерге Кәсіптік оқыту кафедрасының доценті, Коммерцияландыру басқармасының бастығы Шілдебаева Ляззат жетекшілік етті. Дизайнерлер байқауын әлемге танымал Дуглас Бассетт және басқа да Италия, Малайзия, Үндістан, Грузия сынды т.б. мемлекеттерден келген белгілі дизайнерлер қатысып, төрелік етті. Додада Орталық Азиядан, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан дизайнерлер жинақтары ұсынылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің коллекциясы бірінші орынды иеленіп, келесі халықаралық «ASPARA» сән апталығына кәсіби мамандар ретінде қатысуға жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға әрі қарай кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

                          Imdo/Images/News/1343.jpg    Imdo/Images/News/1342.jpg

JoomShaper