Кәсіби бағдар аясында ашық есік күні өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Математика және қолданбалы механика кафедрасы "Менің таңдауым – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ" тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

Ашық есікке Қызылорда қаласының №101, №4, №3 және №140 мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кеште кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Г.Ш.Аскарова университет тарихымен және кафедраның қызметімен таныстырып, жастарға білім беруде, жалпы маман ретінде қалыптасуына қосатын үлесі мен студенттердің жетістіктері туралы баяндап, дұрыс таңдау жасап, сапалы білім алуға шақырды. Сондай-ақ, Инженерлі-технологиялық факультетінің деканы А.М.Жабагиев мен декан орынбасары Н.А.Сақтағанова және Су шаруашылығы және жерге орналастыру, Сәулет және құрылыс, Компьютерлік ғылымдар кафедраларының меңгерушілері, Ұлттық тестілеу орталығы университеттегі филиалының басшысы Н.Ә.Нақыпбаева өз кезегінде университетіміздің жетістіктері мен қазіргі ЖОО арасындағы рейтингтегі орны, университет мамандықтары туралы және ҰБТ-ның жаңа форматы жөнінде толығырақ ақпарат берді. Ашық есік соңы сұрақ-жауаппен жалғасты. Оған қоса, оқушылар №5 оқу ғимаратындағы зертханалар мен Химиялық зерттеулер және технологиялар институтына экскурсия жасады.

JoomShaper