Өңірімізде «Жас Өркен» бағдарламасының екінші кезеңі өтті

Қазақстанда ең алғаш рет «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетімен бірлесіп жоғары оқу орындарының түлектері арасында «Жас Өркен» тағылымдамалар бағдарламасына бірінші іріктеу кезеңі өтті.


Imdo/Images/News/1315.jpgТаңдаулылар қатарынан табылған университеттің бітіруші курс студенттері мен түлектері Е.Көшекбаев, Д.Қуанышбек, А.Қазбекқызы, Н.Мәжитова, Г.Саттар, Н.Мәден сайыстың екінші кезеңіне қатысты. Тағылымдаманың екінші кезеңі «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің HR консалтинг орталығының маманы Нұрәлі Қамзабектің қатысуымен өткізілді. «Жас Өркен» бағдарламасының екінші кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін университеттің Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі ықпал етті. «Жас Өркен» бағдарламасы – бұл еліміздің дарынды жастардың ұмтылысын дамыту және түлектер үшін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жемісті қызмет құрудың бірегей мүмкіндік. Бағдарламаға қатысушылар тәжірибелі топ-менеджерлердің жетекшілігімен тағылымдамадан өтеді. Бұл жағдайда келешекте кәсіби қызмет барысында қолдана алатын жаңа білім мен дағдылар игере алады. Келешекте - тағылымдамадан өткеннен кейін үздік үміткерлердің жетекші ұлттық компанияларда қызмет етуге мүмкіндіктері бар.

JoomShaper