Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені

Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елдің ынтымағын нығайту бағытында өте ауқымды жұмыстар атқарды.

Тұңғыш Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ел бірлігінің ұйытқысы, рухани құндылықтардың қайнар көзіне айналды. Қазақта «Бағалағанға бақ қонады» деген қанатты сөз бар. Біздің бағымыз да, барымыз да – Тәуелсіз Қазақстан! Азаттық көктен түсе салған сый емес. Ол – бабалардың қанымен, ерлігімен келген ұлы бақыт. Міне, бұл мереке осындай бақытты елде бейбіт өмір сүріп жатқан халықтардың достығын, тату-тәтті тірлігін көрсетеді. Ынтымақ пен достықтың үлгісін паш ететін Бірлік мерекесі аймақта жан-жақты аталып өтілді. Университет ұжымы да түрлі шаралар өткізіп, мерекенің маңызын айшықтай түсті. Нақтырақ айтсақ: Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстарының ұлты қазақ шетел азаматтарынан құралған оқу тобының тыңдаушыларының ұйымдастыруымен 1-мамыр мерекесіне орай іс-шара өтті. Шараны құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Т.Жарбулова ашып, мерекенің тарихына тоқталып, тақырыпты жан-жақты ашып берді. Шараға қатысқан болашақ журналистер мен экономика мамандықтарының білім алушылары сұрақтар қойып, өзара пікірлерімен бөлісті. Шара соңында ТГ-18-1 (д/б) тобының эдвайзер-кураторы Ғ.А.Жәрімбет тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісіп, кездесуді қорытындылады.

 

JoomShaper