Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Филология, тарих және құқық факультеті «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты концерттік бағдарлама өткізді.

Шараға университет студенттері белсенді атсалысып, өнерлерін көрсетті. Оған қоса, ойындар ойнатылды. Белсенділердің қатарында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» ұйымының мүшелері де бар. Мерекелік кеш барысында белсенді білім алушылар марапатталды.

 

JoomShaper