Халықаралық студенттік пленэр конкурсы өтті

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Көркем сурет» кафедрасымен «Қызғалдақ - 2019» атты халықаралық студенттік конкурс-пленэрі ұйымдастырылды.

Студенттер сайысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры»  тақырыбындағы жарияланған мақаласы мен «2019-Жастар жылы» аясында өткізілді. Шараға «Кескіндеме» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Кәсіби оқыту» кафедрасының 2 курс студенттері Ә.Болатқызы мен А.Болатбекқызы бар. «Қызғалдақ-2019» студенттік пленэр конкурсына қатысушылар бірнеше кезеңде өнер көрсетті. Мәселен, бірінші кезеңде Алматы қаласының көрікті жерлерінен және екінші кезен «Таңбалы тас» табиғи қорығында өткізіліп, табиғат көрінісінен этюд жазу болды. Осылайша, университет білім алушылары бақтарын сынап, тәжірибе алмасып, кәсіби шыңдалып келді.

 

JoomShaper