«Саналы ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері дәстүрлі сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

Бұл жолы олар зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы және жалғызбасты аналарға үй ауласын тазалап,  көгалдандыруға, жасыл желекке айналдыруға көмектесті. Қариясы бар ел қазыналы қағидасын берік ұстанған жастар бірқатар аға буынның үйлеріне барып, қора қопсыларындағы қоқыстарды шығарып төңіректі түгел мұнтаздай етіп жинады. Бақ ішіндегі арықтарды тазалап, шыбық отырғызды. Көп балалы және жалғызбасты аналарға да қол ұшын созған еріктілер нағыз еңбексүгіштік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Үй терезелерін жуып, ауладағы арам шөптерді жұлды. Игі іс жасаған университет студенттері осылайша қариялардың ақ батасын алып, көптің ағеден алғысына бөлініп қайтты. Шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

   

 

JoomShaper