Бірлігі жарасқан сенбілік!

Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған жалпықалалық сенбілік жұмыс¬тары жалғасын табуда. Қаланы таза да көрікті жерге айналдыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұжымы мен білім алушылары кезекті  сенбілікке шықты. Таңертеннен күрек пен тырна, қалақ пен сыпырғы сынды құрал-жабдықтар ұстаған топтар қаланың бірқатар аумақтарын, оқу ғимараттары мен жатақханаларды, университеттің Агробиологиялық участкесі және жылыжай шаруашылығына қарасты жерді қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау, жас тал-шыбықтарын отырғызу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, жас тал-шыбықтарын отырғызу жұмысы «Ел арай» қоғамдық қорымен бірлесе атқарылды. Сондай-ақ, университеттің бірқатар белсенді жастары жағымды істің жанынан табыла  білді. Бір топ болып жиналған жастар қаладағы жалғызбасты және мүгедек, зейнеткерлер мен еңбек және соғыс ардагерлері, жүріп-тұруы қиындаған қарт кісілердің отындарын кіргізіп, ағашын жарып берді. Сонымен қатар, қоқыстарын шығарып беріп, тазалық жұмыстарын өткізді. Осындай белсенді жастарға қарияларымыз өз ризашылықтарын шексіз жаудырып, ақ баталарын берді. Ел болашығы жастардың қолыңда екенін ескерсек, осындай жастармен болашаққа сеніммен қарауға болады. Көмек қолдарын созған университет еріктілері игі істі үлкен ыждаһаттылықпен жасады.

 

   

 

   

JoomShaper