Университет үздік үштікте

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері Шымкент қаласында өткен дәстүрлі XI-ші Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында бақсынасты.

Білім бәсекесі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  университетінің базасында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша ұйымдастырылды. Аталған шараға еліміздің жоғары оқу орындарынан «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттерінен жасақталған командалар қатысты. Атап айтсақ, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және басқалар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен «Кәсіби оқыту» кафедрасының 3 курс студенттері қатысты. Команда құрамында Ш.Журабаева, Б.Абдрасул және 4 курс студенттері Н.Нұрлыбай, Б.Шайхслам бар. Командаға қауымдастырған профессор э.ғ.к, З.Д.Тажиева жетекшілік етті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер теориялық білімдерін сынаса, екінші кезеңде практикалық қабілеттері мен дағдыларын көрсетуден жарысты. Нақтырақ айтсақ, бәйгеде бірі тігін шеберханасында сынға түссе, екіншісі гобелен мен кілем өнімдерін шығару өнері бойынша дайындықтарын көрсетті. Ал шығармашылық жоба қорғау байқауында талапкерлер “Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызмет көрсету” тақырыбында әдістемелік шығармашылық бойынша жұмыс жасады. Білім алаңында өз білімдері мен логикалық ойлау шеберліктерін көрсете білген университет командасы жүлделі III орынды иеленіп, білімдерін шыңдады. Осылайша білімді де, өнерлі студенттер оқу ордасының жетістіктер қоржынын толықтырды.

JoomShaper