Кәсіби бағдар жұмыстары – Арал, Қазалы, Байқоңырда қызу өтті

Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті, білімді де әрі құзыретті тұлға қалыптастыру – заман талабы. Себебі дұрыс таңдалған мамандық болашағыңның айқын кепілі. Осы орайда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кәсіби бағдар жұмыстары аясында Арал, Қазалы аудандары, Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай ауылдарының мектеп түлектерімен кездесті.

Үлкен таңдау алдында тұрған бітіруші түлектермен - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы, академиялық доцент, филология ғылымдарының кандидаты Кеншінбай Темірболат Ыбырайұлы бастаған профессор оқытушылары мен білім алушыларынан құралған өнерпаз жастар кездесті.
Кездесуге бітіруші түлектермен қатар ұстаздар және де баласының болашағына алаңдаулы ана-ана қатысты. Шара барысында олар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жетістіктерімен танысты.  Сондай-ақ қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар тізбегі, сыртқы және ішкі ұтқырлықпен алыс жақын шет елдерге тәжірибе алмасып оқу мәселесі қаралса, қос дипломдық жүйемен білім алу туралы да сөз қозғалды.
Сонымен қатар кәсіби бағдар жұмыстары барысында оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, шара соңы университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

  

JoomShaper