Дұрыс таңдау жасаңыз!

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары.

Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді.  Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Осы орайда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кезекті кәсіби бағдар беру жұмыстарын Қармақшы ауданында жалғастырды. №250 мектепке жиналған түлектер университеттің оқытушы-профессорларының кәсіби бағдар беру жұмыстары мен қатар білім алушыларының өнерлеріне де куә болды. Н.Ахатаев пен Н.Аппазов бастаған  топ оқушыларды университет тынысымен таныстырып, оларға керек мәліметтер берді. Сондай-ақ, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың университетке деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар, жиынға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев қатысып, жастарды қазіргі таңда сұранысқа ие мамандық түрлерімен таныстырды. Оған қоса, дұрыс таңдау жасауға шақырып, оларға қолдау көрсетті.

  

JoomShaper