Махаббат пен музыка

Филология, тарих және құқық факультетінің "Орыс тілі және әдебиеті" кафедрасының оқытушылары мен МО-18-1 және ТМИ-18-1 топтарының білім алушылары "Махаббат пен музыка" атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

№1 жатақхананың студенттер қалашығында өткен кеш Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу ғашықтар күніне арналды. Ғашықтар мерекесінде қазақ, орыс, испан және француз тілдерінде махаббат туралы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Сондай-ақ, ұлттық билер орындалып, махаббат тақырыбына түрлі қызықты викториналар өткізілді. Оған қоса, студенттер әртүрлі аспаптарда ойнап, өнер көрсетті. Мәселен, домбырада, гитарада, баянда және басқа да аспаптар. Осылайша, ғашықтар мерекесінде махаббат пен нәзіктік және сұлулық атмосферасы орнады.

JoomShaper