«Қаржы» орталығы АҚ өкілімен өткен кездесу

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс және ауылдық квота шеңберінде білім алушыларының ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы» орталығы АҚ-ы өкілімен кездесу өткізді.

Шараны Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі бөліммен бірлесіп ұйымдастырды. 
Жиынға қатысушыларға «Қаржы» орталығы АҚ әлеуметтік жобалар мониторингі департаментінің менеджері А.С.Бокенова өзекті тақырыптарда түсініктеме-мәлімет жасады. Олардың қатарында маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар туралы айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар, философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту тақырыбы да назардан тыс қалмады.

JoomShaper