Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдары басқосты

Ғалымдар мерзімінен бұрын кезектен тыс Президент сайлауын өткізу ел экономикасының қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына өз септігін тигізетінін және сайлау барлық конституциялық нормаларға сай, ашық болатынына кәміл сенімді екендіктерін жеткізді.

Олар кезектен тыс президенттік сайлау - ел мүддесіне сай келетін маңызды саяси шешім екендігін айтады. Еліміздегі биліктің ауысуына байланысты болған саяси өзгерістер кездейсоқ немесе мәжбүрлі түрдегі жағдай емес. Бұл ел басшылығының ауызбірлігінің және осы уақытқа дейінгі мемлекетті басқару дәстүріндегі мол тәжірибесінің арқасында болып отырған оң өзгерістер. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырып, саяси қалыптасқан мемлекетке айналды. Кезектен тыс сайлау өткізу Қазақстанның  дамуына, өсуіне және қазіргі уақыттағы республикамыздың жаңа саяси жағдайға бейімделуіне арналған. Ғалымдардың пайымдауынша сайлау биліктің орнықтылығын, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ық¬пал етеді. Оның қолданыстағы заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте өткізілуі аса маңызды. Әрбір азамат еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасауы тиіс, деп ғалымдар өз ойларын білдірді. Шара соңында жиынға қатысушылар бір ауыздан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының мәлімдемесін қабылдады.

JoomShaper