Жастар Сыр бойындағы киелі жерлердің қыр-сырына қанықты

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі дөңгелек үстел өткізді.

Оны ТГ-18-1 тобының эдвайзер-кураторы Ғ.А.Жәрімбет  жүргізді. «Рухани жаңғыру: Сыр бойының киелі жерлері» тақырыбындағы шара жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстарындағы ТГ-18-1 оқу тобының білім алушыларының қатысуымен жатақханада өтті. Шараға сондай-ақ, тарихшы-өлкетанушы, ҚР қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Б.М.Ахметбек қатысып, өлкетану саласында тың ойларымен бөлісті. Оған қоса, білім алушы жастар Алаштың анасы атанған – Сыр бойы әлімсақтан ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің ордасы болғандығын, хандар мен сұлтандар, абыздар мен ахундар, ишандар, билер мен батырлар жерленген киелі орындардың ошағы екендігін айтып өтті.

JoomShaper