Академиялық адалдық лигасы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері «Академиялық адалдық лигасы» аясында ұйымдастырылған басқосуға қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет ітері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен өткен шарада  бейнеконференция арқылы еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері мен халық қалаулылары және басқа да бизнес қауымдастықтарының өкілдері байланысқа шығып, өз ой-пікірлерін білдірді. Лига құндылықтары – адалдық, жауапкершілік пен транспаренттілік. Лига қызметі ЖОО-лардағы академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетуге және Қазақстандағы білім сапасын арттыруға бағдарланған жобаларды іске асыруға бағытталған. Осы орайда алдағы уақытта «Адал жастар - елдің гүлденуінің кепілі» жалпы республикалық жастар форумын өткізу жоспарлануда.

JoomShaper