«Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Президенттік институттың ролі мен маңызы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

Егемендік алған алғашқы жылдардан бастап біз дүниежүзілік демократиялық даму үдерістерін сараптай келе, мемлекеттік қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси кепіл ретінде Президенттік басқару жүйесін таңдап алдық. Бұл сол кезеңдегі либералды-экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асыруға негіз болды.

Тұңғыш Президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігі мемлекетіміздің көпвекторлы бағыт ұстануына жол ашты. Қазақстанның жетістіктері өздігінен пайда бола салған жоқ. Қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық тұрақтылық, оның әлемдік антиядролық саясаттағы көшбасшылығына қол жеткізіп, дағдарыстарды еңсеріп, шетелдік инвестицияларды тартып, Ұлттық қорды құрған да Президент. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін бұрын болмаған деңгейге көтеру, мемлекет құрумен тең келетін Астананы  салу да Тұңғыш Елбасының еңбегі. Халықаралық сарапшылар атап көрсеткендей, Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанда президенттік институттың тарихи қажеттілігін дәлелдеп, жаңа жүйенің заңдық негізін қалаған, оны «сынақтан өткізіп, өндіріске енгізген» және оның қазақстандық үлгісін қалыптастырып, халық игілігіне, Қазақстанның болашағына жұмыс істеуіне бағдар беріп отырған бірден-бір тарихи тұлға. Жасампаз мемлекетіміздің қазіргі кезде 130-дан астам елмен саяси, әріптестік қарым-қатынас орнатуы, экономикамыздың тұрақты даму жолына  түсуі, әлемдік алпауыт мемлекеттерді алаңдатқан қаржы дағдарыстарынан қиналмай өтуі – осының барлығы тәуелсіздік жылдардағы сындарлы реформалардың жарқын жемісі. Қазақстандағы татулық пен бірлікке көптеген мемлекеттер қызыға қарап, оны қазақстандық модель ретінде жан-жақты зерттеуде. Қазақстан озық идеялардың бастамашысы ретінде әлемнің назарын өзіне аударып, бейбітшілік пен әділеттіліктің орнатылуына ықпал етіп, жалпы гуманитарлық мәселелердің оңтайлы шешілуіне қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Президент институты  мемлекеттілігіміздің іргетасы, барлық демократиялық бастамалардың қайнар көзі, қоғамдағы саяси-әлеуметтік бірліктің берік кепілі болып табылады. Әз-Наурыздың қарсаңында еліміз өмірінде аса маңызды саяси оқиғалар орын алды. 19 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Республикасы Президенті ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті. Бұл - мемлекеттің болашағына деген қамқорлықтың шынайы көрінісі. 20 наурызда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес,  Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел халқына ант беріп, қалған мерзімге Қазақстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Алайда, Мемлекет басшысы 9 сәуір күні елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді өз айқын да батыл жүзеге асыру үшін ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдағынын Қазақстан халқына жария еткені баршамызға белгілі. Енді екі айға жетер-жетпес уақытта, яғни 9 маусымда,кезекте тыс президент сайлауы өтетін болады.
Конференцияның мақсаты–Қазақстан Республикасында Президенттік институттың қалыптасуы және оның дамуындағы сабақтастық мәселелерін зерделеу.

JoomShaper