Шетелдік ғалым дәріс өткізді

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей Федерацияның И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ университеті «Теориялық электротехника және мұнай-газ саласын электрлендіру» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Портнягин Николай Николаевич Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде дәріс оқыды.

«Күштік электроника» атты арнайы курстық дәріске Электр энергетикасы, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау  және өміртіршілік қауіпсіздігі мамандықтарының студенттері мен магистранттарына қатысты.
Қазіргі өндірісте немесе күнделікті тұрмыста үдерістер ақырындап автоматтандырылған жүйеге көшіп, орталықтандырылған жүйе арқылы басқарылуда. Осы негізде бұл курсты тыңдау осы мамандықтың білім алушыларына таптырмас мүмкіндік болды . Және кафедра ұжымымен қазіргі электротехникалық кешендегі өзекті мәселелері, оларды шешу жолдарының маңыздылығы талқыланды.

JoomShaper