Облыстық кәсіпкерлер кеңесінің ең жас мүшесі сайланды

Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиумы өтті.

Президиум қорытындысы бойынша Облыстық кәсіпкерлер кеңесінің ең жас мүшесі болып Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Business Start»  инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов тағайындалды. Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі. Өңірлік кеңес мүшелері тек кеңес жұмысымен ғана шектеліп қалмай, қаржы ресурстарына қатысты аудандарға, елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге де атсалысада.

JoomShaper