Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Г.Ш. Асқарова, «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Н.А. Турлугулова және Есіркепова А. №172 орта мектептебінің жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуде оқушыларға университетіміздегі білім мен ғылымың инновациялық жетістіктері туралы атап өтті: үш тілді білім беру бағдарламасының жүзеге асуы, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықтың (білім алушылардың Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуы, Отандық және шетелдік ғалымдардың студенттерге дәріс беруі), қос диплом алу бағдарламасы және университеттің оқу зертханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жабдықталуы, дене тәрбиесі сабақтарының әдемі жолға қойылған, яғни спорт секциялары түрінде ұйымдастырылатыны және тағы басқа мәселелер туралы айтылды.
Кездесу соңында мектептегі ұстаздар мен оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді және оқушылар мен іс шара қонақтары естелік суретке түсті.

JoomShaper