Қорқыт – қобыз сарыны

Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қорқыт – қобыз сарыны» атты тақырыпта дөңгелек стол өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚР мәдениет қайраткері, жырау  Ж.Аққұлов, Ж.Т.Сыдықова Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіруші, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің қыл қобыз аспабы пәні бойынша ұстазы А.Бегімсалова, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, қылқобызшы Т.Ағыраев және кафедра оқытушы-профессорлары қатысты. Ұлттық музыка халқымыздың баға жетпес құндылығы. Ежелден атадан балаға мұра болып, сан ғасырлық тарих  қойнауынан өтіп, бүгінде жоғалмай осы күнге жеткен асыл қазынамыз. Рухани төл өнерімізде қобыз аспабының орны ерекше. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін сөз еткенде күй атасы, қобыз атасы – Қорқытты алдымен ауызға аламыз. Ол киелі аспаптың үнінен мәңгілік өмір іздеп, халықтың мұң-шерін, зарын қобыз сарынымен жеткізе білген. Оның есімі шығыстану ғылымында да белгілі. Ол жалпы түркі тілдес халықтарына ортақ бірден-бір көне мәдени ескерткіш – «Қорқыт ата кітабы» жырының негізгі кейіпкері әрі авторы болып табылады. Күй атасы Қорқыттан бері келе жатқан күй сазы ғасырлар үнін, өмір тынысын, халық арманын, мұң-шерін, қуаныш-күйінішін баяндайды. Осылайша бұл шара тақырыпқа орай «Қорқыт – қобыз сарыны» екенін тағы бір дәлелдеді.

JoomShaper