Еңбекпен ел көгереді (2)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жалпықалалық сенбілікке атсалысты. Сенбілікке университеттің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері және студенттері қатысты. Айналаны көркейту-көгалдандыру сондай-ақ, тазалау жұмыстары қаланың бірқатар аумақтарында, оқу ғимараттары мен жатақханаларда, университеттің Агробиологиялық участкесі және жылыжай шаруашылығына қарасты жерде (АБУ) өтті. Мұнда олар шыбықтар мен бұталарды отырғызу үшін алдымен жерді қопсытып, агротехникалық жұмыстар жүргізді. Және төңіректі түгел тазартып шықты.

Айта кетейік, АБУ университеттің ауылшаруашылық және биологиялық мамандықтары бойынша білім алып  жатқан студенттер мен магистранттар және оқытушылар үшін оқу, ғылыми-зерттеу және өндірістік база қызметін атқарады. Сонымен қатар мұнда оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізуге қажетті дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оған жылыжай шаруашылығы да кіреді. Аталған участкеге осы күні студенттер бақша дақылдарын да егіп, күтіп-баптау шараларын қадағалайтындықтарын жеткізді. Оқу орнының жылыжай шаруашылығы да талапқа сай. 2004 жылдан бүгінге дейін өз өнімін беріп келеді. Айта кеткен  жөн, бұл шаруа «Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында технологиялар мен зерттеулерді өндіріске енгізу, индустрия және саудамен байланысын қалыптастыру бағдарламасы» аясында Қазақстан -Қырғызстан - Канада халықаралық жобаны іске асыру мақсатында жүзеге асырылған. Жылыжай іс жүзінде ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді технологиялар енгізуде. Мәселен, мұндағы мамандар экологиялық таза көкөніс өнімдерін «тамшылатып суару» әдісін пайдалану арқылы өсіреді. Университет оқытушылары, магистрлер мен студенттері үшін жылыжай - көкөніс өсірудің негізгі өндірістік базасы болып табылады. Жалпыхалықтық сенбілікке шығудағы негізгі мақсат – өңірді көркейту-көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар жалғасын таппақ.

JoomShaper