Кәсіби мамандық таңдау - күн тәртібінде

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мектеп бітіруші түлектерге арасындағы кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда.

Кезекті кәсіби бағдар беру мақсатында Инженерлі-технологиялық факультетінің оқытушылары мен студенттері  бастаған топ Қызылорда қаласы №9 мектеп лицей түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді. Кездесуге «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Сәкен Удербаев, кафедраның аға оқытушысы, PhD докторы Наргуль Сактаганова, СТР-18-1 оқу тобының студенті Анжела Егай қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түлектермен кездесу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дайындайтын мамандықтар туралы, материалдық-техникалық  база және студенттерге арналған бағдарламалар жайында толық мәліметтер беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Сонымен бірге, түлектерге кешенді және ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға одан бөлек, құжаттарды қабылдауға байланысты өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп бітірушілерге университет жайлы бейнеролик көрсетіліп, университет дайындайтын мамандықтар тізбесінен тұратын лифлеттер мен жадынамалар таратылды.

JoomShaper