Білімділер бақ сынасты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Практикалық ағылшын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен ағылшын тілінен пәндік олимпиада өтті.

Мақсат - мәдениетаралық интеграция жағдайындағы шетел тілдерін оқу мотивациясын арттыру болып табылады. Сайысқа университеттің 50-ден аса 1 курс тілдік емес мамандықтарының студенттері қатысып, білімдерін шыңдады. Себебі, олимпиада ағылшын тілінде өткізіліп, қатысушылардың білімдері Еуропа Кеңесінің тілдерді меңгеру шкаласының «В2» деңгейі бойынша бағаланды. Алғашқы 45 сұрақтан тұратын лексико-грамматикалық тест тапсыру айналымынан 8 студент озық шығып, келесі айналымға өтті. Ұсынылған тақырып бойынша, яғни монолог айналымында студенттер ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша І орынды Фин-18-1 оқу тобының студенті Төребек Алишер, ІІ орынды Уиа-18-1 оқу тобының студенті Жеткерова Айтоты иеленсе, ІІІ орынды ИС-18-1 оқу тобының студенті Болатбек Динара жеңіп алды.

 

JoomShaper